Қарағандылық «Шахтер» футболдан Қазақстан Республикасы Чемпионатының алғашқы тур аясында «Тараз» командасымен тең ойнады. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды.
Тараз – Шахтер 0:0
Ескертулер: Әмірханов 64 – Скорых 6, Айегбуси 54, Тәжімбетов 90+3
Шеттетілу: Эргашев 51
Тараз: Бабаханов, Эргашев, Диарра, Фещук (Азовский 90+2), Мухаметшин, Шипицин (Молтусинов 85), Горбанец, Кургулин (к), Әмірханов, Таубай, Қожамберді (Зайнутдинов 46)
Қосалқы құрам: Логиновский, Кенесбек, Шадманов, Нуралы, Байжанов, Карпык
Шахтер: Шацкий, Сзоке, Кадио, Айегбуси (Таттыбаев 68), Зошак (Ермеков 72), Станоевич, Аллегриа (Хайруллин 76), Пикалкин, Мангуткин, Скорых (к), Тәжімбетов
Қосалқы құрам: Багинский, Ткачук, Стоянович, Габышев, Тарасов
Төрешілер: Чесноков, Попов (Өскемен), Шабанов (Алматы)
08 наурыз. Тараз. «Ұлан» стадионы. 2 000 көрермендер
Командалар жаңа маусымның ресми ойының белсенді бастады. Матчтың төртінші минутында «Тараз» командасы еркін соққыны орындады: Андрей Горбанец допты қарсылас команданың айып алаңына жеткізді.Алайда Дәуренбек Тәжімбетов допқа бірінші болып жетті, айып аланынан шығаруға үлгерді. Кейін қарағандылық «Шахтердің» қарымта шабуылы Алессио Аллегрияның соққысымен аяқтады. «Тараз» командасының қақпашысы Джурахон Бабаханов өз қақпасынан уақытылы шығып допға кедергі келтірді.
Кездесудің тоғызыншы минутында Джурахон Бабахонов командасын қорғады: Игорь Пикалкин оң қанатта орналасқан Дәурен Тәжімбетовке допты дәл жеткізді. «Шахтердің» шабуылшысы оң жақтағы бұрышқа басымен допты жеткізгісі келген, алайда Бабахонов өзінің кәсіби шеберлігін тағы да дәлелдеді.
Бір минуттан кейін Ильнур Мангуткин қарсылас команданың айып алаңына допты жеткізді, Алессио Аллегрия бірінші болып допқа жетті. Бельгиялық ойыншы каһарлы соққыны орындады, алайда «Тараз» командасының қақпашысы тамаша ойынды көрсетуді жалғастырды.
Матчтың 12-ші минутында «Тараз» командасынын жартылайқарғаушылары Руслан Мухаметшинді соққыны тамаша орындай алатын тиімді орынға шығарды. Кеншілердің қорғаушылары көмекке үлгермеді, алайда осындай қауыпты жағдайды Игорь Шацкий түзетті.
Екі команданың осындай белсенділігі қызықты ойын болуына ықпал ету керек еді, алайда бірінші таймның экваторына қарай командалардың ұмтылыстары әлсіреді. Командалар дайындаған шабуыл әрекеттері нәтижесіз қалды. 39-минутында «Шахтер» тамаша комбинацияны жүзеге асырды. Сол қапталдан Ильнур Мангуткин допты Юлиус Сзокеге тепті. Жас словакиялық ойыншысы өзінің соққысымен допты «Тараз» қақпасына дәл жеткізгісі келген, алайда доп қақпадан жоғары кетті.
Екінші таймның басында «Тараз» командасының ойыншысы Давронжон Эргашев Дәурен Тәжімбетовқа қарсы дөрекі ойыны үшін матчтан шететтілді. Матчтың 63-ші минутында алаң иелері стандартты орындады: украиналық шабуылшы Максим Фещук допты қақпаға баспен жіберді, Шацкий өз орнында тап болды. Үш минуттан кейін Марко Станоевич көзге түскен Кореде Айегбусиге допты теуіп, өз командасына тиімді жағдай жасады. Бабахонов ағылшындық ойыншыны байқап, оған допты өткізбеді. Игорь Пикалкин айып аланынан тыс қатты соққы жасауға үлгерді, доп қақпаға тиген жоқ.
Сонымен ойынның нәтижесі – 0:0.
Құрметпен,
«Шахтер» ФК баспасөз қызметі