«Шахтер» футбол клубының ұжымы Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды!
Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің әкелеріміз бен аналарымыздың биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен заманымыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Осындай тамаша күні Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат пен барлық істерде жаңа жетістіктерді тілеймін. Отан қорғаушылар күні әрдайым бейбітшілік пен береке мерекесі бола берсін!