Бүгін, 11 мамыр – «Шахтер» ФК негізгі құрамының қақпашысы Игорь Шацкийдің туған күні.
Құрметті Игорь Валерьевич!
«Шахтер» ФК-ның ұжымы Сізді Туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды!
Сізге және Сіздің отбасыңызға зор денсаулық, бақыт тілеп, қолға алған игі істеріңіз жемісті, ғұмырыңыз бақытты да баянды, дос-жарандарыңыз бен әріптестеріңіздің арасында абыройыңыз биік бола берсін дейміз. Туған күніңіз құтты болсын!
Құрметпен: «Шахтер» ФК-ның ұжымы