Баршаңызды осы ұлық мереке – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата Заң – біздің азаттық алғалы атқарған барлық істеріміздің алтын таразысы болып табылады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары. Ол еліміздің тұрақтануы мен өркендеуінің негізі мен кепілі.
Бүгінде дүниежүзі мойындаған өркенді өнегелеріміз Ата Заңымыздың аясында жүзеге асып келеді. Біз тәуелсіздік арқылы ғасырлық мәні бар орасан зор жетістіктерге қол жеткіздік. Әлем жұртшылығы алдында мерейіміз артып, абыройымыз асқақтады. Ата Заң арқылы асқар асуларды алған біз бүгінде жаңа кезеңге қадам бастық. Сондықтан біз баянды істеріміздің бастауы болған бас құжатымызды ардақтай берейік!
Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын!