+7 (7212) 42-51-73 info@aksholtay.kz

Новости клуба

29 декабря 2015, 22:15

ЕСЕН СЫЗДЫҚОВ: «ШАХТЕР» КОМАНДАСЫ ЖАҢА МАУСЫМДА ЖАНКҮЙЕРЛЕРІН ЖАҢА ЖЕҢІСТЕРІМЕН ҚУАНТА БЕРСІН

«Шахтер» футбол клубының ардагері, команданыңқұрметті ақсақалы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Есен Сыздықов кеншілердің жаңа басшысымен болған кездесуі туралы өз пікірін білдірді

 «Шахтер» футбол клубының ардагері, команданыңқұрметті ақсақалы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Есен Сыздықов кеншілердің жаңа басшысымен болған кездесуі туралы өз пікірін білдірді:

-         Бүгінгі кездесуді ұйымдастырған «Шахтер» футбол клубының басшылығына шексіз алғысымды білдіремін. «Шахтердің» қарияларына осындай көңіл бөліп жүргендеріңізге рахмет. Ардагерлер қауымы болашақта осы «Шахтер» футбол клубында өзіміздің жергілікті қарағандылық футболшылардың көп болатынына үміті зор. Владимир Нидергаустың жоспарлары іске асып, жаңа бастамалары сәтті нәтижелер беретініне сенемін. «Шахтер» командасы жаңа маусымда жанкүйерлерін ұмытылмас жеңістерімен қуантып, көпшіліктің қошеметіне бөленсін!

Наверх